Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа орынбасарлар тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Малаховты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Асхат Жұмағалиді төраға орынбасары етіп тағайындау туралы өкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды» – делінген өкім мәтінінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript