Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда сырғанақ тебу кезінде 4 бала ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 21:07 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды. Олардың бас сүйегі сынған, іш қуысы зақымдалған. Қан кету жағдайы болған. Дәрігергер ата-аналарға қысқы демалыс кезінде балаларға өте абай боуды ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыр жарақатпен 4 бала түсті. Олар сырғанақ пен мұз айдындарында көңіл көтеру барысында зардап шеккен. Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғысып қалған, деп хабарлайды Astana.tv.

"Үш балада бас миының жабық жарақаты, бас миының соғылуымен, бас сүйектерінің сынығымен жатқызылды. Бір жағдайда баланың іш қуысының жарақаты, көк бауырдың жыртылуы, құрсақ ішілік қан кету диагнозымен келіп, бірден шұғыл түрде ота жасалды". Алматы қалалық Шұғыл медициналық көмек орталығы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев


Шаңғы теуіп, сырғанаққа барудың қаупін елеусіз қалдыратын бала да, ата-ана да көп. Ойнап жүріп, абайсызда құлап, зардап шеккендер ауруханаға толасыз келіп жатыр.

"Осы жерде, нейрохирургия бөлімінде балам жатыр. 2 күн бұрын түсті, басын соғып, талып қалған еді. Балалар сырғанау, шаңғы тебу кезінде бір-бірімен соғысып, құлап жатады. Бұл - өте қауіпті жағдай. Балаларға абай болу керек. Өз көзіммен көріп шошыдым. Кішкентай баланы сырғанайтын баллон ұшырып алып кеткенін көргенде қатты қорықтым". Антонина Шеффер, ата-ана

Дәрігерлердің айтуынша, қыс мезгілінде балалардың құлап, жарақаттанып қалуы көбіне керекті жабдықтың толық жиынтығы мен қорғаныс дулығасының болмауынан.

"Өздігінен қолданылған, сырғанақ төбешіктері. Сол себептен ата-аналар қараусыз болған жағдайда балалар көп жарақат алып қалады. Кейбір жағдайларда ол өте қауіпті, өте қатты асқынулар, қатты жарақаттарға алып келуі мүмкін. Кейбір жағдайда өлімге де алып келуі мүмкін. Өйткені балалардың бастарында шлем болмайды, денелерінде қорғаныс құрал-жабдықтары жоқ". Алматы қаласының штаттан тыс бас балалар травматологы Бақыт Қожаханов


Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас - 16 жасар қыз қазір ауруханада жатыр. Оның бассүйек-миы жарақаттанған, миы шайқалған, төбе аймағы жұмсақ тіндері соғылған. Сондай- ақ Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жасөспірім зардап шеккен. Оның да жарақаты ауыр, - дейді дәрігерлер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: