Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
Фото: Zakon.kz
22 желтоқсанда Қостанай қаласының орталығындағы мұзды төбешікте алты бала түрлі дәрежеде жарақат алған оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанайлық жедел жәрдем қызметінің ақпаратынша, зардап шеккен бес бала ауруханаға жеткізілді, тағы бір бала медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, төбешіктен сырғанаған екі қыз бірнеше сағаттық айырмашылықпен ес-түссіз табылды. Медициналық топтар алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізді.
Дәрігерлер қысқы сырғанақ алаңдары үлкен қауіп туғызуы мүмкін екенін де еске салды. Олар ата-аналарды балаларды мұндай жерлерге қараусыз жібермеуге шақырды. Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, ең алдымен, ересектерге жүктеледі.
Бұған дейін Атырауда саусағына темір "тағып алған" бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсіргені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript