Қостанай облысында досымен бәстесіп, заң бұзған жігіт құрықталды

Бұзақылық Сурет: unsplash
Қостанайда облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тез тамақтанатын McDonald’s мейрамханасы жанына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заң бұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған. 


"Қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды", - дейді Қостанай қаласының полиция басқармасындағылар.

Сонымен қатар ұсталған кезде бұл азамат көлік құралын пайдалану ережелерін бұза отырып, автокөлікті басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз