Жаңалықтар тізбегі
0

Үстіне қыз құлаған полицей: Соққы қатты болды...

Үстіне қыз құлаған полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 19:46 Сурет: polisia.kz
Қызды құтқару кезіңде аяғын жарақаттап алған Арқалық қаласының полиция қызметкері Алмат Әмірханов қазір ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Арқалық қаласында 7 қаңтарда таңғы сағат 05.30 шамасында жедел басқару орталығына қыздың балконнан құлап, бірақ қоршауға ілініп үлгергені туралы хабарлама келіп түскен.

"Біз бірден аталған мекенжайға аттандық. Қасымдағы серігім Руслан Капсаматов бесінші қабатқа көтерілді. Мен төменде қалдым. Қызды балконға тартуға немесе құлаған кезде сақтандыруға көмектесу үшін тез әрекет ету керек еді", – дейді полиция қызметкері.

Қажетті құтқару шаралары жүргізіліп жатқанда балконда ілініп тұрған қыз жерге құлады. Бұл ретте төменде қалған Алмат Әмірханов осы жағдайға дайын болды.


"Мен оның құлап бара жатқанын көргенде тез арада шешім қабылдадым. Анандай биіктіктен құлау адам өмірі үшін өте қауіпті. Содан кеудемді тостым. Соққы қатты болды, әрине, денеме ауыр тигенін сезіндім. Бірақ өзімнен бұрын қыз үшін қатты уайымдадым. Адамдар дереу арада жедел жәрдем шақырып, қыздың ауыр жарақаттан аман екенін естіген кезде қатты қуандым. Менің ойымша, бұл жақсы физикалық дайындықтың арқасы, өйткені әріптесім екеуміз үнемі жаттығамыз, спорттық форманы сақтаймыз. Себебі, біз әртүрлі күтпеген жағдайларға тап боламыз", – деп атап өтті тәртіп сақшысы.

Бұдан басқа, Ішкі істер министрі қойған міндеттерді іске асыру үшін “Қадамдық қолжетімділік полициясы” қағидатын іске асыру шеңберінде полицияның барлық жасағының әрбір қызметкері оқиға орнына дереу келе алатындай етіп қайта орналастырылды. Бұл күні солай болды.

"Қоңырау келіп түскен кезде біз екі минут ішінде оқиға орнына бардық. Бұл жедел әрекет етуге және жағдайды лезде бағалауға септігін тигізді", – деді полиция қызметкері.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: