Қарағандыдағы көп қабатты үйдегі өртке газ баллоны себеп болуы мүмкін

Қарағандыдағы жарылыс Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы көп қабатты үйдегі өрт сағат 22:55-те толықтай сөндірілді. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, үйге газ кіргізілмеген болып шықты, сондықтан тұрғындардың бірі "тұрмыстық газды" пайдаланған болуы мүмкін.

10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы, 18/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. 18 қабатты үйдің 8-қабатында өрт болған.

Қарағандыдағы өрт болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз