Қарағандыдағы көп қабатты үйде өрт болды

Қарағандыда көп қабатты үйде газ жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 22:33 Сурет: ТЖК баспасөз қызметі
Қарағандыдағы 16 қабатты үйде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде өрт шықты. 

Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кіреберісті қою түтін басқан.
"Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізіп жатыр. Тұрғындарды жылыту үшін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің үш вахталық автобусы бара жатыр", - делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: