Астанада оқушылар бүгін де қашықтан оқып жатыр

11 қаңтар күні елордада 9-сыныпқа дейінгі екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды. Бұл жөнінде Астана қаласының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордада 11 қаңтар күні ауа температурасы -28°C.
"2023 жылғы 11 қаңтар күні екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", – делінген хабарламада.
9 және 10 қаңтар күндері де Астананың бірінші және екінші ауысымдағы оқушылары мен студенттері қатты аязға байланысты қашықтық білім алды.
Бөлісу
0
Толық оқу