Алматыда жылдам тамақтану мейрамханасы орналасқан үй өртенді

12 қаңтарда Алматыдағы Абай даңғылында Орталық стадионға қарама-қарсы орналасқан үйден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Абай даңғылы, 89 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау сағат 14:31-де түскен.
Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Келген құтқарушылар төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққанын анықтады.
"Газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғын барлады, штабтың жұмысы жолға қойылды". Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ солтүстік-батыс жағынан өрт сөндіру сатысы іске қосылды.
Оқиға орнын полиция қоршауға алды.

Сурет: Zakon.kz
Бөлісу
0
Толық оқу