Алматыда екі қабатты үй өртенді
Zakon.kz
Өрт бір сағатқа жетпей 11:31-де ауыздықталды.
Алматының "Мирас" шағын ауданында салынып жатқан нысанда өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілер тиісті дәрежеде жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілер келгенде 280 шаршы метр алаңда салынып жатқан екі қабатты үйдің шатыры жанып жатты. Өрттің тез таралуына тез жанатын құрылыс заттары әсер еткен.
Жедел штаб құрылып, автосаты арқылы өрт сөндіру және қорғауға әмбебап және лафеттік оқпан енгізілді, автоцистерналар өрт гидранттары бойынша орнатылды, магистральдық желілер тартылды, осылайша судың күшімен өрт тоқтатылды.
Өрт бір сағатқа жетпей 11:31-де ауыздықталды. Үйдің бірінші және екінші қабаттары өрттен аман қалды.
Өрт 11:58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді ведомстводағылар.
Дайана Тоқберген
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript