Кеше Таразда 5 қабатты үй өртенді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 14:52 pixabay.com
Өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.

30 мамыр күні кешкісін Тараздағы бес қабатты тұрғын үйден үлкен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

19:34-те "101" пультіне 5-ші ықшамаудандағы бес қабатты үйдің өртенгені туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер 19:38-да келгенде, үйдің шатыры түгелдей ашық отқа оранып жатқан.

171 тұрғын үйден көшірілді, оның ішінде 42 бала бар. 20 адам оттан құтқарылды, оның бесеуі бала.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: