Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Алматыда көлік ұрылары ұсталды Сурет: Zakon.kz
Мегаполистегі ұрылар Жаңа жыл қарсаңында Медеу ауданы тұрғынының Toyota Camry 70 көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу аудандық Полиция басқармасының бөлімше мен арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда және Шығыс Қазақстанда арнайы іс-шара жүргізген. Риддер қаласында 42 жастағы Е.есімді азамат және оның сыбайластарының бірі ұсталды.

"Тағы екі күдікті Алматыда ұсталды. Қаскөйлер ұрланған автомобильді Өскеменде жасырғанын анықтадық. Олар тіпті көлікті сол жақта сатқысы келген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Айтпақшы, қылмыстың бастамашысы бұрын ұрлап-тонағаны үшін үш рет сотты болған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз