Алматыда көлік ұрысы ұсталды

Ұсталды, Алматы, көлік ұрысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 18:44 Сурет: Zakon.kz
22 шілдеде Алматы қаласының полицейлері Toyota Camry көлігін ұрлан күдіктіні ұстады. Хабарлама келіп түсе салысымен, қала бойынша "Ұстау" жоспары енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұры автокөлік иесінің кілтті іште тастап, дүкенге кіріп кеткен сәтін пайдаланған.

"Буран – 315" патрульдік экипажы Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесінің қиылысында іздеп жүрген көлікті байқап қалған. Көлік ұрысы ұсталды. Қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр", – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: