Батыс Қазақстанда жасөспірім туысының көлігін ұрлап кетті
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірімнің ата-анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 127 бабы бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін хаттама толтырылған. Ал осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-б. (Ұрлау)1-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 6,5 млн теңгені құрады. Ведомствоның баспасөз қызметінде көрсетілгендей, көлік иесіне қайтарылды.
20 қазанда Ақмола тұрғыны көлігін ұрлап кетіп, жол апатына ұшырады. Оқиға Екатеринбург-Алматы тас жолында болды: ВАЗ-21100 көлігі шұңқырға ұшып кетіп, бірнеше рет аударылып қалды.