Таразда атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген екі орын табылды

Қаңтар оқиғасы Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында бір күнде атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген жасырын екі орынды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Тектұрмас" кешенінің аумағында цемент бетондардың астынан қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, 9 мм калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар "ПМ" маркалы тапаншаның оқжатары, нөмірлері өшірілген 12 мм калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғы аңшы мылтығы табылды.


Қару-жарақ

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі


Сол күні Ниетқалиев көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 05.01.2022 жылы Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 мм калибрлі "Benelli SAT 13299" мылтық карабині табылды.

"Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арасында белгісіз маркалы газ револьвері, 5,45 мм калибрлі 43 патрон, 7,62 мм калибрлі 17 патрон, сақтандырғышы бар жарық-шу гранатасы, 5 қол газ гранатасы болды". Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз