«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

Алтын Орда базарының бұрынғы басшылығы іздеуге жарияланды Сурет: Twitter/INTERPOL_HQ
Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі адамдар іздеуге жарияланды:

-  Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды. 

- Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Нәтижелері кейінірек хабарланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз