Жаңалықтар тізбегі
0

«Алтын Орда» базарының тағдыры қалай болмақ

Алтын Орда базары , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 12:03 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы­ "Рынок Алтын орда" ЖШС-ның әйгілі базарға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылдың қараша айында Алматы облысының маман­дандырылған ауданаралық экономикалық сотында Данияр Әлпиев басқаратын "Рынок Алтын орда" ЖШС-ны мәжбүрлеп тарату ісі қаралған. Сот құжатында көрсетілгендей, аталған ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасы бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот салық органдарының талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Ал аталған компания өкілдері сот отырысына келмеген. Шешім 2022 жылғы 24 қаңтарда заңды күшіне енді. Бір қызығы, мемлекеттік баждың құны республикалық бюджет есебінен жабылатын болған.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, "Рынок Алтын орда" ЖШС осы күнге дейін мемлекетке бір теңге де салық төлемеген.

Сонымен, қаншама мың адамды жұ­мыспен, Алматы сияқты ең ірі мегаполис пен маңайындағы іргелес аудандардың халқын азық-түлік, жеміспен қамтамасыз етіп отырған "Алтын орда" базары жабыла ма? Көпшіліктің көкейіндегі негізгі сұрақ – осы. Нақтысын білмек болып біз базар орналасқан Алматы облысы Қарасай аудандық Мемлекеттік кірістер басқар­масы­на хабарласқан едік. Салық органы мамандарының айтуынша, сот шешімімен тарқатылған "Рынок Алтын орда" ЖШС-ның әйгілі базарға еш қатысы жоқ екен. Жауапты мекеме өкілі таратылған компания бір кездері әйгілі базарға иелік еткенін де жоққа шығармады. Аталған сауда орны кейін басқа компаниялардың иелігіне өтіп кеткен.

Барлығы жұмыс істеп тұрған "Алтын орда" базары деп ойлайды. Бірақ бұл жай ғана атау сәйкестігі. Ол базарлардың иелері мүлде басқа компания. 93-бап бойынша біздер сотқа мәжбүрлі тарату туралы өтініш бердік. Тиісті шешім шықты. Ал базарға келер болсақ, оған KURYLYS LTD ЖШС және Altyn Orda Qaz Trade Ltd ЖШС иелік етеді. Бүгін сот шешімімен тарқатылып отырған "Рынок Алтын орда" ЖШС аталған базарға 2000 жылдардың басында иелік еткені рас. Қазіргі иелік етіп отырған компаниялар үш жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді.Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Анарбек Сейітов

"Алтын орда" базары – еліміздегі ең ірі базардың бірі. Жалпы ауданы 180 мың шаршы метрді алып жатыр. Базар бұл күнде Алматы, Алматы облысындағы және еліміз­дің басқа аймақтарындағы ірі дүкендерге, супермаркеттерге, шағын базарларға ет, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеткізуді ұйымдастыратын ірі сауда желі­лері­мен тығыз жұмыс істейді. Бүгінде базар­ға шамамен күніне 8 мыңға жуық адам келіп кетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: