"Алтын орда" басшыларының бірінің қамауға алынуы мен базардағы тексерулердің байланысы жоқ
БАҚ өкілдері Алматыдағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары қамауға алынғаннан кейін басталған тексерулердің сипатын сұрады. Журналист: "Бұл тексерулер аталған территорияның қайта бөліске түсуін білдіреді ме, әлде бұл арада басқа мақсаттар бар ма" деп сұрады.
Өңір әкімі сауда объектісі басшыларының бірінің қамауға алынуын бақылаушы органдардың әрекеттерімен еш байланыстырмайтынын атап өтті.
"Жалпы, бақылаушы органдардың тексерулеріне келетін болсақ, олар жоспарға сай өткізіледі. Алдын ала іріктеліп, тіркеуден өтіп дегендей. Яғни, бүгін онда қандай да бір оқиға болса оны келесі күні болған оқиғамен байланыстырудың еш мағынасы жоқ. Иә, олардың бір-бірімен байланысты емес. Құқық қорғау органдары ұстады. Тергеу жүріп жатыр". Марат Сұлтанғазиев
Оның айтуынша, Бас прокуратура базардан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған.
"Базардағы жағдайға келетін болсақ, мұны тексеру көрсетеді. Өткен жылы тексеру болды. Бас прокуратураның басшылығымен бірқатар бұзушылықтар анықталды. Үкімет деңгейінде кеңес өткізілді, өйткені "Алтын Орда" нарығындағы тауарлардың үлесі ауқымды және тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның бүкіл өңіріндегі бағалардың қалыптасуына әсері бар. Осыған байланысты тексеру басталды: салық органдары, монополияға қарсы орган, көші-қон полициясы және барлық бақылаушы органдар". Марат Сұлтанғазиев
Сонымен қатар, ол тексеріп қана қоймай, базардың жұмысын қайта форматтау қажеттігін де еске салды.
"Тек тексеру ғана емес, сонымен қатар осы мемлекеттік органдардың барлық өкілінен стационарлық пункттер құру туралы тапсырма бар, олар стационарлық деңгейде жұмыс істейтін болады". Марат Сұлтанғазиев
2023 жылы 10 маусымда Үкіметте апта сайынғы кеңесте шенеуніктер Қазақстандағы және "Алтын Орда" базарындағы баға жағдайын қарастырды. Қазір нарықта мобильді топ тәулік бойы кезекшілік етеді.