"Шағымдар мен сын-пікірлер жоқ": Алматы облысының әкімі "Алтын Орда" базарының жай-күйі жайлы айтып берді
Сурет: gov.kz
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтангазиев 2025 жылғы 27 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Алтын Орда" базарының қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Марат Сұлтангазиевтің айтуынша, бүгінгі күні базар әкімшілігі құқық қорғау және бақылаушы органдардың барлық талаптарын орындаған.
"Базарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазір екінші кезеңі жүріп жатыр. Жалпы, соңғы уақытта сатушылардан ешқандай шағым немесе реніш түскен жоқ. Жұмыс жалғасуда. Менің ойымша, әкімшілік сатушылармен ортақ тіл табысып, олармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр", – деп сендірді ол.
Бұған дейін Талдықорғанда түнгі тыныштықты бұзған жасөспірімдер анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript