Атыраудың болашағы бар ма – өңір басшысы жауап берді
Фото: primeminister.kz
Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов 2025 жылғы 4 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Атырау өңірінің болашағы мұнай таусылған жағдайда не болатынын сұрады.
"Атыраудың болашағы бар, оған алаңдамаңыздар. Бұл өте орынды сұрақ. Бүгінде мұнай-газ-химия саласында бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұрын біз мұнай мен газды экспортқа шикізат ретінде шығаратынбыз, ал қазір оның терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз", – деді ол.
Серік Шапкеновтің айтуынша, мұнай-газ саласында қазір жалпы құны 10,7 млрд доллар болатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы да дамып келеді.
"Біз өңірде ауыл шаруашылығын жүргізу қиын деп ақталмаймыз. Бұл тұрғыда климаттық жағдай қиын болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған, өнімдері экспортқа шығарылатын Израильді үлгі ретінде алға қоямыз. Өңірімізде ірі жобалар қолға алынуда: құс шаруашылығы дамуда, жылыжайлар салынып жатыр, балық шаруашылығы өркендеп келеді. Туризм саласы да қарқынды дамуда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өңір экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді", – деді әкім.
Жалпы, өңірде 104 млрд теңге құны бар 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Келесі жылы жалпы құны 48,3 млрд теңге болатын 12 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
"2025 жылдың алғашқы алты айында өңірге 83 мыңнан астам турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артық. Туризмді дамытуға бағытталған инвестиция көлемі екі есеге артып, 32 млрд теңгеге жетті. Туризмді дамытудағы негізгі бағыттар – ортағасырлық Сарайшық қалашығы және Кигач өзеніндегі лотос алқабы. Сарайшықты өңірдің тарихи-туристік орталығына айналдыру жөніндегі бес жылдық жоспар бекітілді, оның жүзеге асуы қазірден басталды", – деп атап өтті өңір басшысы.
Бұған дейін депутаттың жастарға микронесие беру шарттарын қатаңдатуды талап еткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript