Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та 3D принтерге басылған екі қабатты тұрғын үй сатылды

АҚШ, 3D-принтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 15:30 Сурет: видеодан скриншот
Салмағы 12 тоннадан асатын алып принтер Хьюстондағы (Техас) екі қабатты үйге бетон құйып жатыр. Үй америкалық отбасылардың біріне сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылысқа барлығы 330 сағат қажет, деп жазды Reuters.

Үйдің ауданы 370 шаршы метрден асады. Оны басып шығаруға жарты ай уақыт кетеді. Құрылыс алаңында біркелкі бетон қабаттарын төсейтін салмағы 12 тонна болатын арнайы аппарат жұмыс істеп жатыр.

Үйдің жартысы бетоннан, жартысы ағаштан салынады. Жоба авторларының айтуынша, барлығын дерлік басынан бастап үйренуге тура келген.
"Құрылыс процесі әлдеқайда жылдам. Баспаға төрт-бес адам ғана керек. Қазір бізде бес адам жұмыс істеп жатқанын көріп отырсыздар". Сәулетші Лесли Локк

Cive компаниясының құрылымдық жобалау бөлімінің басшысы Хикмат Зербенің сөзінше, инновациялық технология көппәтерлі үйлерді тез және арзан салуға көмектеседі.

Сонымен қатар бетон құйындарға, қатты дауылдарға және жиі болып жатқан Техастың басқа ауа райына төтеп бере алады.

Барлық ауыр жұмыстарды принтер атқаратындықтан, құрылыс алаңында көп жұмысшы қажет емес көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: