Былтыр 32 мыңнан астам алтын құйма сатылды
Сурет: pixabay
2021 жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32 326 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz
2021 жылдың желтоқсан айында сатылған 3274 алтын құйманың жалпы салмағы – 107,4 кг. 2021 жылы сатып алушылар арасында ең жоғары сұранысқа ие болған түрі – 10 граммдық құйма болды. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 29%, яғни, 9 521 дана.ҚР Ұлттық банкі
Ұлттық банктің мәліметінше, одан кейін 100 граммдық құйма сұранысқа ие, 6 636 дана (21%) сатылған, 5 граммдық құймадан 6 136 дана (19%), 50 граммдық құймадан 5 265 дана (16%), 20 граммдық құймадан 4 768 дана (15%) сатылды.
Айта кетейік, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript