Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысты

Біріккен Араб әмірліктері, саммит, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 15:18 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру, деп жазды Ақорданың ресми сайты.


БАӘ, Қазақстан президенті, саммит, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 15:18

Сурет: akorda.kz


Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ "COP27" конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

15 қаңтар күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан президенті іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: