Францияда миллионнан астам адам президент реформасына қарсы шеруге шықты

Францияда халық митингке шықты Сурет: pixabay
Францияда 1,1 миллион адам шеруге шығып, президент Эммануэль Макронның пенсия реформасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны елдің ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Алайда, кәсіподақтардың дерегінше, демонстранттардың саны 2 миллионнан асып кеткен. Солардың 400 мыңдайы Парижде көшеге шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Ел астанасының кейбір аудандарында қарсылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласып, 40-қа жуық адам тұтқындалды.

Кәсіподақтар мақсаттарына жеткенше наразылықты тоқтатпаймыз дейді. Олар қаңтардың 31-де тағы да ереуілге шығатындарын ескертті.

Макрон азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеруді жоспарлап отыр. Оның ойынша, бұл өзгеріс нәтижесінде пенсия жүйесі қаржылық тұрғыдан өміршең болады. Ал, шерушілердің сөзінше, үкімет қара жұмыстағыларды бейнеттің зейнетін көру құқығынан айырайын деп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз