Шаңғышы Ксения Шалыгина Универсиададағы екінші медалін жеңіп алды

Ксения Шалыгина Универсиядада екінші медалін жеңіп алды Сурет: Instagram/shalygina.ksu
Лейк-Плэсидте өткен 2023 Қысқы Универсиадада әйелдер арасында жаппай 15 шақырымдық стартпен шаңғы жарысы өтті. Онда қазақстандық Ксения Шалыгина қола жүлдегер атанды. Бұл - оның осы ойындардағы екінші медалі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашында жарысқа Қазақстанның алты өкілі келді, бірақ мәре сызығында тек Ксения Шалыгина ғана үздік ойын көрсете алды. Ол күміс жүлдегер америкалық Кендалл Крамерден небәрі +0,4 секунд қалып қойып, үшінші болды. Ал Эстониядан келген шаңғышы Мариэль Пуллес 2023 жылғы Универсиаданың чемпионы атанды.

Ксения Шалыгина үшін бұл - қазіргі студенттік ойындардың екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Қазақстан құрамасындағы әріптестерімен эстафетада тұғырдың үшінші сатысына көтерілген еді. Онда оған Айша Рақышева мен Надежда Степашкина көмектесті.

Осы уақытқа дейін 11 медальмен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орында тұр. Студенттеріміздің қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль бар.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз