Қазақстан Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 17:47 Сурет: ҚР ТЖМ
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ерлер арасында күміс және әйелдер арасында қола жүлдегер атанды.

5 қыркүйекте Түркияның Ыстамбұлында Бурхан Фелек орталық стадионында мотопомпадан ұрыс шығару түріндегі өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының соңғы төртінші жарыс күні өтті.

  • 14 ерлер құрама командасының арасында Қазақстанның ерлер құрамасы 28,56 секунд көрсеткішпен екінші орынды иеленді.
  • 9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстанның әйелдер құрамасы 28,34 секунд көрсеткішпен екінші орын алды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының 14 ерлер құрама командасы арасындағы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық жүлделі ІІ орынды иеленді.

9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші орынды иеленді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: