Қазақстан құрамасы қол күрестен әлем чемпионатында тағы 23 медаль жеңіп алды
Сурет: instagram.com/drs_kz
Алматыда қол күресінен 44-әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін отандастарымыз ересектер арасында сол қол бойынша 8 алтын, 12 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, додаға 52 мемлекеттен 1 000-нан астам спортшы қатысып жатыр.
Қазақстанның намысын 256 атлет қорғап жатыр. Бәсеке ертең аяқталады.
Назарларыңызға бүгінгі, 1 қыркүйектегі нәтижені ұсынамыз, сол қол:
Алтын:
Ерлер
- Ердәулет Нұрмахан (55 келі);
- Мейрамбек Ерсаин (60 келі);
- Ердәулет Сарыбай (65 келі);
- Әлижан Мұратов (+110 келі).
Әйелдер
- Назира Зиядулла (50 келі);
- Оксана Письменная (65 келі);
- Деши Дурсаева (80 келі);
- Антонина Лисянская (+90 келі).
Күміс:
Ерлер
- Ораз Басаров (55 келі);
- Бекжан Қожантай (60 келі);
- Тұрарбек Тұрғанбек (65 келі);
- Михаил Нифонтов (80 келі);
- Талғат Ақтаев (85 келі);
- Ғалымжан Қарсыбаев (90 келі);
- Айтбек Бекет (110 келі);
- Борис Гапченко (+110 келі).
Әйелдер
- Жанна Қазтуғанова (55 келі);
- Евгения Гунько (70 келі);
- Раушан Джаналиева (90 келі);
- Садықжан Малена (+90 келі).
Қола:
Ерлер
- Данил Устинов (70 келі);
- Азамат Рахмет (75 келі);
- Нұрдәулет Айдархан (80 келі).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript