Салық пен төлемдерді төлеу мерзімі 25 қаңтарда аяқталады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2023 жылдың 25 қаңтарында өткен жылдың желтоқсан айының салықтары мен төлемдерін төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, төлеу керек:
2022 жылдың желтоқсан айына:
- резиденттердің және резидент еместердің кірістерінен төлем көзіндегі КТС және ЖТС;
- әлеуметтік салық;
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
- әлеуметтік аударымдар;
- әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) міндетті жарналар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар.
2023 жылдың қаңтар айына:
- КТС бойынша аванстық төлемдер;
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript