Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада Astana Meeting World indoor tour өз мәресіне жетті

Спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 18:55 Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
23 қаңтарда Астана қаласында алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирді ресми түрде ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының Президенті Даниал Ахметов ашты.

"Он бес ел спортшылары бүгін тұңғыш рет өтетін «Astana Silver Grand Prix Meeting» турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді.Қазақстан Республикасы биыл АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехия мемлекеттерімен бірге жеңіл атлетика сериясының күміс деңгейін ұйымдастырушылар құрамында". ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының Президенті Даниал Ахметов

Аталмыш турнир отандық жеңіл атлетиканы дамытуда үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.

"Бүгінгі дүниежүзілік жарысқа әлемнің 15 елінен спортшылар қатысатындығы айтылды. Бұл дегеніміз, жеңіл атлетиканың ғана мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықтың да туын биіктейтін іс-шара деп ойлаймын", - деді министр Асхат Оралов.

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады.

Байрақты бәсеке ерлер арасында 60 метрге кедергілермен жүгіру сайысынан басталды. Аталмыш жарыс түрінде кубалық Роджерс Ирибарн( нәтижесі 7.62 секунд) отандасымыз Давид Ефремовты(7.65сек) бар болғаны бірнеше милесекундқа озып, жеңіске жетті.


Спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 18:55

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі


Еске сала кетейік турнир аясында дәл осы тәртіпте Давид Ефремов алдын-ала жүгіру кезінде 7,62 секунд нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Ерлер арасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен 1-орын, Андрей Соколов 46.74 секунд нәтижесімен 2-орын иеленсе, бразилиялық Александр Руссо 47.70 секунд нәтижесімен мәре сызығын 3-ші болып кесті.

Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруден отандасымыз Ольга Сафронова (7.30 сек) португалиялық Ариалис Гандуллаға (7.18 сек) есе жіберіп мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орынға аустралиялық Магдалена Линдер (7.43 сек) жайғасты.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде Өзбекстандық Дарья Резниченко 6.32 метр нәтижесімен топ жарды. Отандастарымыз Анастасия Рыпакова (5.89метр) нәтижесімен 2-орын, Алина Чистякова (5.84 метр) нәтижесімен жүлделі 3-орынға жайғасты.

Ерлер арасында 800метрге жүгіруден 1-орынға хорватиялық Марино Блудек (1:48.23) нәтижесімен, кениялық Николас Киплангат 1:48.31 нәтижесімен 2-орынға, ал үшінші орынға словениялық Жан Вукович (1:48.72) нәтижесімен жайғасты.

 

Спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 18:55

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі


1500 метр қашықтыққа жүгіруден Джаринтер МВАСЬЯ (Кения) 4:14.26 нәтижесімен 1-орын, Хирут Мешеша (Эфиопия) 4:14.40 нәтижесімен 2-орын, Камила Гомес (Португалия) 4:26.63 нәтижесімен 3-орын иеленді.

Турнирдің ең тартысты додаларының бірі әйелдер арасында биіктікке секіру болды. Нәтижесінде жүлделі 3 орынға отандастарымыз жайғасты. Олар:

- Надежда Дубовицая (1.93 метр) – І-орын;

- Кристина Овчинникова (1.89 метр) – ІІ-орын

- Елизавета Матвеева (1.89 метр) – ІІІ-орын.

Әйелдер арасында 400 метр қашықтықта І-орын Элина Михина (55.14 сек), ІІ-орын Александра Залюбовская (55.28сек), ІІІ-орын Кристина Кондрашова (55.87 сек) иеленді.

Ерлер арасында 60 метр қашықтыққа жүгіруден америкалық Макл Роджерс топ жарды. Ол аталмыш қашықтықты 6.664 секунд ішінде жүгіріп өтті. Екінші орынға АҚШ спортшысы Демек Кемп (6.665) жайғасты. Бұл спортшылардың нәтижесін секундтың мыңнан бір бөлігі бөлді. Үздік үштікті португалиялық Фредерико Курвело қорытындылады, оның көрсеткіші 6.75 секунд.  

Ерлер арасында 3000 метр қашықтыққа жүгіруден Али Абдилмана (7:52.43) топ жарды (Эфиопия). британдық Александр Джордж (8:07.55) күміс медаль, ал қазақстандық Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль иеленді. Турнир ҚР Жеңіл атлетка Федерациясының YouTube арнасында және Қазспорт телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: