Жаңалықтар тізбегі
0

"Astana Marathon 2022" спорттық іс-шарасы өз мәресіне жетті

Astana Marathon 2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 14:59 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жарыс жолына Қазақстанның әртүрлі қалаларымен қатар, әлемнің 10 елінен келген 3 мыңға жуық спортшылар шықты. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия елдері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana Marathon 2022" спорттық іс-шарасына әуесқой спортшылар, ел чемпиондары және басқа елдерден келген атлеттер ең мықты атағына бақ сынады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.

42.2 шақырым қашықтықта жүгіргендер арасында ерлер 92,76% және әйелдер 7,24% құрады. 10 шақырымда ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 66,43% және 33,57% құрады.

Халықаралық марафонға қала әкімі, елордалық жеңіл атлетика федерациясының төрағасы Алтай Көлгінов те де қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлудеміз. Қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады. Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі жексенбінің таңында ұйымдастырылған шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын. Қала көшелерінің бойымен жөңкіген бұлттармен жарыса межеге жеңіл жетулеріңізге сәттілік тілеймін! Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов

42,2 шақырымдық жарыста І орынды Аман Нұркелді, ІІ орынды Әкім Еркебай еншілесе, ІІІ орынды Дархан Іскендір қанағат тұтты. Абсолютті санатта әйелдер арасында Іорын Әсел Қабылбекова, ІІ орын Анастасия Мажанскаяға бұйырды. ІІІ орынды Татьяна Молчанова місе тұтты.

10 шақырымдық санатта ерлер арасында І орынды Вадим Левченков, ІІ орынды Дмитрий Щеглов иеленсе, ІІІ орынды Әлімжан Балтабек қанағат тұтты.

Әйелдер арасында І орынды Айгүл Аржаникова алса, Гүлмира Әменова ІІ орыннан көрінді, ал Полина Глущенкоға ІІІ орын бұйырды.

Айта кетейік, "Astana Marathon-2022" – қайырымдылық шара. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 39 млн теңгеден астам қаражат жинап, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Сондай ақ биыл "Astana Marathon 2022" аясында ең жылдам 10 қазақстандық жүгіру клуб енетін "Көшбасшылар тақтасы" рейтингін іске қосылды.

Жалпы Astana Marathon-ға қатысушылар, қызығушылар қатары жылдан жылға артып келе жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: