Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің үш қызметкері қамауға алынды

Астана, сот, ҰҚК қызметкрелері, уақытша ұстау изоляторы Сурет: pexels
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Олар азаптау бабы бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі таратты.

"2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Аманов Е.И., Әбдуғали Х.С., Сартаев Қ.Б.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады". Астана қаласы сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін белгілі болғандай, ҰҚК-нің үш қызметкері: Еркін Аманов, Хамит Әбдуғали, Қайрат Сартайдың үстінен (Шекара қызметі) қамаудағы адамдардың туыстарынан шағым түскен. Олардың сөзінше, ҰҚК қызметкерлері "қажет" жауапты алу үшін елордадағы уақытша ұстау изоляторларының бірінде тұтқындарды азаптаған. Ұсталғандардың бірінің туысының айтуынша, Семейде құрамында алтын бар кен ұрлады деген күдікпен туысқаны 2021 жылдың наурыз айында ұсталған. Әйелдің сөзінше, туысын елордадағы уақытша ұстау изоляторындағы ҰҚК-нің "арнайы жертөлесінде" бірнеше ай бойы азаптаған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз