Жаңалықтар тізбегі
0

Енді әскери қызметке шақырылған сарбаздар ЖОО-да тегін білім ала алады

Әскери қызметкерлер тегін білім алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 16:24 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
27 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева әскери борышын өтеген азаматтарға білім беру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айгүл Төлембаева 2022 жылдан бері Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға білім беруде жеңілдіктер жасау жөнінде бастама көтеріп, көптеген жұмыстар атқарып жатқанын еске салды.

"Біріншіден, әскери борышын өтеген жігіттер күнтізбелік жыл ішінде ҰБТ-ны есепке алмай, ақылы негізде еліміздің барлық жоғары оқу орындарына түсе алады.Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген қабылдаудың үлгілік қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өтемін. Бұл Ережені Әділет министрлігі бекітті және қазір тіркеу сатысында". Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева

Спикер мұндай келісім-шарт жасасқан 40 жоғары оқу орны тегін білім алуға барлығы 3000-ға жуық орын беретінін айтты.

Сондай-ақ оның айтуынша, жауынгерлік даярлық саласында ең жоғары нәтиже көрсеткен әскер қатарына шақырылған сарбаздар университет тарапынан 100% жеңілдікпен оқуға түсуге мүмкіндік алады. Жоғары оқу орындарымен тиісті келісімдер жасалды, олардың тізімімен департаменттің ресми сайтында танысуға болады.

Спикердің айтуынша, мерзімді әскери борышын өтеген әскери қызметшілер де мұндай кафедралар бар жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында емтихансыз тегін оқи алады.

"Әскерде борышын өтегеннен кейін олар запастағы жауынгер атанады, ал егер офицерлік шен алғылары келсе, әскери кафедраға түсіп, запастағы лейтенант атағын алады.Ең бастысы, әскери борышын өтеп,жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына конкурстық іріктеу негізінде емтихансыз түсуге мүмкіндік алады, қызмет нәтижелері бойынш". Айгүл Төлембаева

Бұл жеңілдіктерді пайдалану үшін мерзімді әскери қызметшілер жоғары оқу орындарына құжаттар тізімін, халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілетін әскери қызмет туралы куәлікті және әскери билеттің көшірмесін тапсырса болғаны.

Бұл жағдайда олар әңгімелесудің негізінде және оның қорытындысы бойынша ҰБТ-ны есепке алмай, жоғары оқу орындарына түсуге құқылы болады деп сендірді Айгүл Төлембаева.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: