Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ есірткіні жасырын қойып кетушілердің соққыға жығылған видеосына қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 19:11 Сурет: polisia.kz
Желіде есірткіні жасырын тығып кетіп отыратындарды шетінен жазалап жатқан видео жарияланды. Оған жазылған пікірлерде олар сату үшін алынған есірткіні жасырған немесе жоғалтып алғаны айтылады. Аталған видеоға қатысты ҚР ІІМ түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі бейнежазбадағы ұрып-соғу оқиғалары әр уақытта, елдің әр аймақтарында болғанын хабарлайды.

Қылмыскерлер алынған есірткіні қандай да бір себептермен таратпаған “жасырын тығып кетушілер” туралы ақпарат (төлқұжат деректері, тұрғылықты мекен-жайы) орналастырылатын жабық телеграм-чаттар құрады. Оларға күш қолданып, соққыға жыққаны үшін сыйақы – ақшалай сома немесе есірткі тағайындалатыны жарияланады. Күш қолданып, соққыға жығу бейнелері қорқыту үшін осындай жабық чаттарда жарияланады.


Ведомство түсіндіріп өткендей, мұндай фактілерді полиция әлеуметтік желілердің мониторингілеу барысында үнемі анықтап отырады. Мұндай жағдайларда полиция жәбірленушінің жеке басын анықтайды, сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғайды, қылмыстың ықтимал қатысушыларын анықтау бойынша өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады. Telegram-чат иелерін анықтау жұмыстары жүргізеді. Осы ретте мұндай чаттардың жұмысын тоқтатуда белгілі бір қиындықтар бар: чатқа кірудің жабық форматы, арналарды кодтау, сондай-ақ негізгі аккаунт жойылғаннан кейін іске қосылатын клиенттер мен жасырын тығып кетушілердің базалары бар “айна” деп аталатын арналардың құрылуы.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды интернет-ресурстарда күмәнді ақпаратты таратуға қатыспауға, өздерінің дербес деректерін әлеуметтік желілер арқылы таратпауға шақырады. Ата-аналарға балаларының смартфондарындағы тұрғылықты жері, төлқұжат деректері, күнделікті қозғалыс маршруттары туралы ақпаратты қамтитын фотосуреттер мен бейнелерге назар аудару ұсынылады.

Телефондағы бұл деректер жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынын көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және өңдеу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын хабарлаймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: