Балқаш қаласы әкімдігі "тас жолдағы жарылыстың" видеосына қатысты түсінік берді
Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде тас жолда болған алапат жарылыстың видеосы тарады. Бұл жайт Балқашта болғаны да айтылады. Бұған қатысты аталған қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембайдың бұл фактіні теріске шығарған сөзін келтірді.
"Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қаламыз тыныш", – деді ол.
Видео авторы түсірген жарылыс жолды реконструкциялау аясында атқарылған жоспарлы жұмыстар болып шықты.
"Балқаш-Бурылбайтал" тас жолы, лот-3, 1955-2005 км бөлігі қайта жаңғырту учаскесіне жатады. Мұнда жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде тасты жерді қопару жұмыстары жүргізілуде", – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript