Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді

Теннис Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракетасы Тимофей Скатов Консепсьон (Чили) ATP Challenger Tour жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 102-інші, турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті. Аса тартысты өткен матчта Скатов 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 2 сағат 29 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. 

Петропавл қаласының түлегі финалға шығу үшін әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен күш сынасады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз