Байден Украинаға F-16 ұшағын бермейтінін мәлімдеді

Байден ұшақтарды бермейді Сурет: pixabay
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын беру жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы журналистердің қойған сұрағына осылай деп жауап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ұшақтарды Украина Батыс елдерінен сұраған еді. Франция мен Польша бұған қатысты нақты шешім қабылдамағанын айтса, Германия қарсы шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал өткен аптада Батыс елдері Киевке танк жеткізуге уәде етті. Үш айда Украинаға «Леопард» атты 100 танк, британиялық «Челленджер»-лер жетпек.

Мәскеу болса, бұл әрекет жағдайдың одан әрі өршуіне әкеледі деп мәлімдеді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің сөзінше, Батыстың Украинаға қару-жарақ беруі қақтығыстың барысын өзгертпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз