Польшада авиашоуға дайындық кезінде F-16 ұшағы құлап түсті

Ұшақ, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 10:12 Сурет: X/OSINTtechnical
АҚШ-тың F-16 жойғыш ұшағы Польшаның Радом қаласында апатқа ұшырады, пилот қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polsat News дерегі бойынша, әуе апаты 30–31 тамызда өтетін авиашоу алдындағы дайындық кезінде болған.

F-16 ұшағы жоғары жылдамдықпен ұшу-қону жолағына соғылып, жарылып кеткен. Ұшқыш дер кезінде әрекет жасап үлгермей, көз жұмды.

Апат орнына Польша Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш жолға шықты.

Бұған дейін Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: