Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда автобус жүргізушісінің тапқырлығы жұртты тәнті етті

Алматы, автобус, ұры, ұрлық, iPhone 13 , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 10:44 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1 ақпанда әлеуметтік желіде қоғамдық көлікте түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан қыздың жылаған даусын естуге болады, ол автобуста iPhone 13-ін ұрлатып алған. Сол сәттегі жүргізушінің тапқырлығы, қыздың телефонын тауып беріп, көмектескені елді тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде болған. Автобуста ұры жас қыздың iPhone 13 телефонын қолды еткен.

Бейнежазбадан жүргізушінің автобуста жылап отырған қызды жұбатып жатқанын естуге болады.
"Қарындас, жыламашы, болды. Бастысы камера бар ғой. Қай жерден міндің?" – дейді жүргізуші.

Видео авторының айтуынша, жүргізуші автобустағы барлық есікті жауып, тоқтап, камераларды тексеруге кеткенін айтты. Сонан кейін ол автобустағы бүкіл жарықты өшіріп, музыканың даусын шығарып, ұрының телефонды байқатпай еденге лақтыруына мүмкіндік берген.

"Телефон кенет жерге құлап түсті, бірақ сол автобустағы ұры кім екені, өкінішке қарай, жұмбақ күйінде қалды. Жүргізуші жарады", – делінген видео астындағы жазбада.

Желі қолданушылары жүргізушіге алғысын білдіріп жатыр:

  • "Жарайсың, жүргізуші!"
  • "Жарайсың жүргізуші! Керемет."
  • "Барлық жүргізуші осындай болса ғой".
  • "Жүргізуші жарады, қызға көмектесті".
  • "Міне, азамат! Бірден есіктерді құлыптап, камераға қарауға кетті. Барлық жүргізуші мұны істей бермейді".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: