Жаңалықтар тізбегі
0

«Болашақ» стипендиаттарының жұмыс мерзімін қысқарту шарты аталды

Болашақ орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 14:46 Сурет: Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі
2023 жылдан бастап шетелдік жоғары оқу орны, жұмыс беруші немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» стипендиаттары үшін міндетті еңбек жұмысының мерзімі бір жылға қысқартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді байқауға шетелдік университет немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады.

"Мұндай стипендиаттардың жұмыс мерзімі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бес жылдан төрт жылға, еліміздің басқа өңірлерінде үш жылдан екі жылға қысқартылады.», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин. 

Ол «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттың тұруына, тамақтануына, медициналық сақтандыруына, әуе жолына, визалық төлемдеріне, оқу материалдарын сатып алуға кететін шығындарын өтейтінін атап өтті.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін жетекші шетелдік ЖОО-да оқу гранты бар үміткерлер академиялық оқуға түскенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тегін ұсынуы қажет. Грант академиялық оқудың барлық кезеңін қамтуы керек.

Бұған дейін ауылдық квотаға енген «Болашақовтықтар» кепілзат бермеуі мүмкін екені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: