«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау 23 мамырда басталады

студенттер, "Болашақ" бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 11:33 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Елімізде 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және резидентураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Өтініштер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Биыл магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60%-ға дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника, Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және тағы басқа мамандықтарға, - деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған.

Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде биыл тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады:

  • Кешенді тестілеу;

  • Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу;

  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Басым мамандықтар тізімін мына жерден қарауға болады.

Ұсынылатын университеттер тізімі мына жерде.

Ал қажет құжаттар тізімін мына жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: