Жаңалықтар тізбегі
0

Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

Ер адамды күзетшілер ұрып тастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 16:13 Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны түнгі уақытта қалалық кафелердің бірінің жанында ЖШС күзетшілері оған дене жарақатын келтіргенін хабарлаған.

Тәртіп сақшылары өтінішті алғаннан кейін дереу күдіктілерді іздеуге кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күзетші-жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстап алған.

Жауап алу кезінде ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 252-бабы 1-бөлігімен (Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: