Жаңалықтар тізбегі
0

Өскемен полицейлері жоғалған 2 жасар баланы жарты сағат ішінде іздеп тапты

Өскемен полицейлері жоғалған 2 жасар баланы іздеп тапты  , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 13:28 Сурет: ҚР ІІМ
28 тамызда Өскемен қалалық ПБ Солжағалау полиция бөлімінің "102" арнасына кәмелетке толмаған ұлының жоғалғаны туралы қала тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Әйел адам екі жасар баласының үйдің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткенін айтқан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері іс-қимыл жоспарын құрып, іздеуге кірісті.

Баланы іздеуге полиция бөлімінің саптық және жедел бөлімшелерінің: патрульдік, учаскелік инспекторлардың, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлерінің күштері барынша жұмылдырылды.

Полиция тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын, сондай-ақ бала баруы мүмкін дүкендерді қарап шықты. 30 минуттық іздеу шараларынан кейін радиоэфирде қуанышты жаңалық естілді: "Бала табылды, бәрі жақсы!".

"Жоғалған бала өз ауласынан қашық жерде табылды. Ол абдырап қалған, шамасы, туыстарын немесе үйін табуға тырысқан, бірақ жыламады, өзін жақсы ұстады. Ең бастысы аман-есен табылды және қазір отбасымен бірге", – деді жедел уәкіл Бауыржан Долдаханов.

Қуанышқа кенелген ата-ана аз уақыттың ішінде ұлын тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта қиын жағдайға душар болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіздің жақын адамыңыз жоғалып кетсе, онда болған оқиға туралы "102" нөміріне қоңырау шалып, дереу полицияға хабарлау қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: