Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2023 жылғы 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлікдердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста кей уақыттарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, желдің күшеюі болжанады. Тек, еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады"."Қазгидромет" РМК
Республика бойынша тұман түседі.
Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының батысында, түнде Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, тұман болжанады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +4+6°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +9+11°С болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript