28 қаңтарда еліміздің оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады"."Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте жел күшейеді, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -16-18°С, күндіз -9-11°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -9-11°С, күндіз 0°С шамасында болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз +3+5°С болады.