Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 6 қаңтарда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 17:55 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәлімет бойынша, жаңбыр, қар жауады.

"Елдің шығысында, оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанды. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын, тұман болады", –  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, синоптиктер 6-8 қаңтарға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 аяз.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 аяз.

8 қаңтар – күн бұлтты болып, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 жылы.

Алматы

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 7-9 градус жылы.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 3-5 жылы.

8 қаңтар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 5-7 жылы.

Шымкент

6 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 жылы.

7 қаңтар – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 9-11 жылы.

8 қаңтар – көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр жауады.  Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 9-11 жылы


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: