15 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр, жаңбыр жауады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 17:24 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 15 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

"Елдің батысы мен шығысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы болады"."Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұман, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болжанды.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын. Көктайғақ. Оңтүстік- батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0,-2°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +14+16°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: