Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ел бойынша қар аралас жаңбыр: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2025 18:23 Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 24 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр аралас қар күтіледі.

"Елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыста, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ел аумағында тұман мен желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болжануда.

Бұған дейін 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: