15 қарашада елімізде қар аралас жаңбыр жауады
Еліміздің солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, еліміздің орталығында, оңтүстік-шығысында екпіні 30 м/с және одан да жоғары соғатын қатты жел күтіледі.
Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман түседі.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүсік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және оданда жоғары болады. Қостанай облысының шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында , түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстік жартысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 17-22 м/с болады. Ауаның температурасы түнде және күндіз 0°С шамасында.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +8+10°С болады.
Шымкент қаласы: бұлтты, жауын-шашын, таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Батыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +6+8°С болады.