Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бүйрегін ауыстырған науқастар аурухананың нефрология бөлімшесін жапқанына наразы

пациент, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 00:34 Сурет: pixabay
Шымкентте бүйрегін ауыстырған науқастар наразылық білдірді. Ауыр отадан аман қалғандар тиісті медициналық көмектен қағылатын болдық деп отыр. Өйткені №1 клиникалық аурухана нефрология бөлімшесін жауып, терапия бөліміне қосқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Неврология бөлімін жауып, терапияға қосып қойды. Сол жерден үш-ақ палата беріп отыр. Ол жерде науқас көп, трансплантация жасалған науқастар бар – 450 адам. Диализге дейін баратындар бар, онда 100-ден астам адам. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын кісі көп. Сол үшін біз өзіміз сыймай тұрған кезде алды да, қысқартып тастады". Бірінші топтағы мүгедек Мақсат Құлсериев

Бүйрегі ауыратын науқастар біраздан бері жатын орынды көбейтуді сұраған екен, бірақ талабын орындаудың орнына, тұтас бөлімшені жауып тастаған. Жиналғандар "Бұл – қолдан жасалған қастандық" дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алайда  аурухананың бас дәрігері бұл шешімнің дұрыс екенін айтып отыр. Өйткені осыған дейінгі нефрология бөлімшесінің ғимараты бүйрегі ауыратындарға арналмаған екен. Оның үстіне, оны жөндеуден өткізіп, травматология бөлімшесіне бермек. Бас дәрігердің сөзінше, қазіргі 15 орынға тағы 8 төсек-жай қосылады.

"Жалпы көрсетілетін медицина сапасы өзгермейді. Сапасы жақсармаса. Керісінше, жағдай жақсарып, дұрысталайын деп тұр. Нақты осы трансплантациядан кейінгі науқастарға деп жатырмыз. Трансплантацияны өзім жасаймын. Науқастардың жағдайына кесірі тимейді".Шымкент №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: