Алматыда науқастары АИТВ жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды

Нариман Табынбаев, Алматы, АИТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 18:05 Сурет: gov.kz
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының басшысы Нариман Табынбаевтың 1 тамыздан бастап денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство 1 қыркүйектен бастап Серікжан Сабырәлиев Бақылаушы кеңес конкурс өткізгенге дейін атқарушы директор лауазымына қабылданғанын атап өтті.

Серікжан Сабырәлиев 2007 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған.

2008 жылы М. Әлиев атындағы Қазақстан медициналық университетін, "Урология" бойынша интернатураны тәмамады, Денсаулық сақтау магистрі болып табылады.

2015 жылы  "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лондонда магистратураны бітірді.

2016 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін "Экономика және бизнес" бакалаврын, 2023 жылы Екатеринбургта докторантураны тәмамдады.

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ-ды жұқтырудың үш жағдайы анықталғаны туралы 14 маусымда белгілі болды. Комиссия ауруханада инфекцияның таралу себебін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: